БАЙҒАНИН – БАЙТАҚ, ЖАЙНАҒАН ӨЛКЕМ
БІЗДІҢ АЙДАР

БІЗДЕ ҚОНАҚТА

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

АБАЙ АТЫНДАҒЫ СОВХОЗ – 1963 – 1996 жылдардағы мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорны. Байғанин ауданының Қызылбұлақ селолық округінде, орталығы Кемерши ауылы болды. Абай атындағы совхоздың тарихы 1928 – 1929 жылдары қазіргі Қызылбұлақ селолық округі аймағында «Байсары», «Мәдениет», «Қызылбұлақ», «Көктүбек», «Жем», «Жаңатұрмыс», «Жаңатаң» колхоздары ұйымдастырылуынан басталады.

Колхоз еңбеккерлері 30 – жылдардың аштық, қуғын – сүргін сияқты зұлматтарын бастан өткерді, Ұлы Отан соғысы кезеңінде де адам төзгісіз қиындық жағдайында жұмыс істеді. Ер азаматтар майданға аттанғанда Омарова Қойжан, Оразақова Қиылым, Аманқұлова Орал сияқты әйелдер тракторға отырып, ерен еңбек жасады. Соғыстан кейін шаруашылықты қалпына келтіру ісіне колхозшылар өлшеусіз үлес қосты. Жүндібаев Есберген, Молданиязов Жиенғазы, Өзбекбаев Әбшекен, Кемешов Қыстау, Әбубәкіров Имаш, Талдықов Нұртаза, Әребаев Қайран, Балжігітов Жұбанғос, Ешімқұлов Мақан, Елбетов Тойманқұл, Жұбаниязов Бөкенбай, Өтеғұлов Үбайдолла, Шымқаева Қансұлу, Ізбағамбетова Зейне тағы басқалары жоғары еңбек және патриотизм үлгісін көрсетті. 1950 жылдан бастап ұсақ колхоздарды ірілендіру нәтижесінде «Жем», Абай атындағы, «Бұлақтыкөл» колхоздары құрылды. Бұл колхоздардың шаруашылығын өркендетіп, экономикалық жағынан нығаюына кезінде Иманов Деме, Құдайқұлов Мұхамбетқазы, Бердібеков Айсұлтан, Тыныштықов Салық, Әленов Балдымұрат, Маймақов Қали, Мұхтарбаев Қалмағамбет, Шахабаев Асқар, Нысанов Баймұхамбет, Байманов Қалмұрза, Қарин Төлекбай, Алданазаров Қайырмағамбет, Жармағамбетов Сәрсен, Әбубәкіров Имаш, Құлшаев Сағынай, Отыншин Сағызбай, Аралбаев Дәрібай, Тағыбергенов Өмірзақ, Досжанов Әбу, Құлшынбаев Естілеу, Кемешов Болат, Ерғалиев Нұрлыбек, Қабиев Камаладин, Мырзабеков Айдыхан, Әйімбетов Спан, Жұмағалиев Қуаныш, Қалиев Садық, Жолин Жамал, Төлеуов Шәмшек, Әбдіров Бақтыбай, Балғазин Олжабай, Тілеков Сағынбай, Рахмединова Хауа  т.б. көп еңбек сіңірді.

Совхоз шаруашылығын ұйымдастыруға және оның экономикасын дамытуға Жұмағалиев Қартабай, Ермеков Нұрдәулет, Қарақов Бақберген т.б. еңбек сіңірді.Бірқатар совхоз еңбеккерлері шаруашылық табыстарын молайтуға үлес қосқаны үшін КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды. Олардың қатарында Өзбекбаев Әбшекен, Тағанов Әбді, Жұбаниязов Бөкенбай, Шошанов Аралбай, Талдықов Нұртаза, Әбдіразақов Әбдірахим, Мырзалин Болат т.б. болды.

1996 жылы жекешелендіру реформасы негізінде Абай атындағы совхоз таратылып, оның орнына шаруа қожалықтары құрылды. Олар «Кемерши» өндірістік кооперативі, сондай – ақ «Егінді», «Барақши», «Ниет», «Ақбұлақсай», «Төсши», «Мейіржан», «Бақтыбай», «Рахмет», «Жаңатаң», «Нұрталап», «Құрман», «Ақниет», «Береке», «Бұлақтыкөл», «Мәдениет», «Бұлақ», «Соркөл», «Аққұдық», «Тәжімбай» шаруа қожалықтары.

КІРУ

ІЗДЕУ

ДОСТАР САЙТЫ
Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі


Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz