БАЙҒАНИН – БАЙТАҚ, ЖАЙНАҒАН ӨЛКЕМ
БІЗДІҢ АЙДАР

БІЗДЕ ҚОНАҚТА

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

«Байғанин – байтақ, жайнаған өлкем» - атты ашық аспан аясындағы тарихи ескерткіштер жанында өткізілетін ардагер және жас ұстаздардан құралған экспедициялық семинар өту ережесі.

ЭКСПЕДИЦИЯ ЖОСПАРЫ

 Аудан  аймағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерін және табиғи қырат, ақшат тауларын, жер су аттары, қорымдар туралы сонымен қатар ауданымызда ағарту ісіне еңбек еткен мұғалім ұстаздар туралы деректер және жәдігер  жинақтау.

   Мақсаты:      

             Аудан аймағында орналасқан тарихи мәдени, табиғи ескерткіштердің тарихын насихаттау таныту. «Мәдени мұра» жұмыстарын жалғасытыра отырып осы экспедиция барысында аудандық музейге экспонаттар, деректер, құжаттар жинақтап музей қорын толықтыру.

  Экспедиция нәтижесі: 

Тарих, география, қазақ тілі, сызу және сурет пәні мұғалімдерінің іс тәжірибелерін шыңдау.
Аудан мектептерінде оқытылатын «Өлке тану» факультативтік сабағына әдістемелік цифрлық форматтағы электрондық оқулық дайындау.
Ауданымызда орналасқан аспан астындағы музей туралы жаңа цифрлық форматтағы сайттық энциклопедиясын дайындау.
Аудан музейіне тарихи ескерткіштер туралы  және жинақталған жәдігерлерден көрме дайындау.

 Экспедиция құрамы:  

Ермекбаев Ибрагим – экспедиция басшысы (Аудан ақсақалдар кеңесінің төрағасы)
Адаев Шәріп – басшының орынбасары(зейнеткер ұстаз)
Жаулина Лаззат – жауапты хатшы(Аудандық музей директоры)

  Тарихи деректерді жинаушы сұрыптау жұмыстарын атқару, дикторлық және сюжет текстін өңдеу жұмыстарына жауапты:  

Оңғаров Берқайыр  жауапты қызметкер (Көкбұлақ орта мектебінің директоры)
Боранбаев Мейрамбек тарих пәнінің мұғалімі  (Т.Жармағанбетов орта мектебінің мұғалімі)
Шоқпаров Темірлан - ғылыми қызметкер(Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының қызметкері)
Қазыбаев Азамат (С.Жиенбаев орта мектебінің мұғалімі)
Елубаев Мейрхан-туризм маманы (Жастар бағдарламасымен музей қызметкері) 

Жаңа форматтағы цифрлық деректерді жинау  

Хайырмуканбетов Руслан – жауапты қызметкер  (Байғанин аудандық әдістемелік орталығының әдіскері)
Ермекбаев Мұратбек – қорды сақтаушы (Байғанин аудандық әдістемелік орталығының әдіскері)
Қалданов Жамбыл –бейне және фото оператор (Ершуақ студиясының басшысы)

 Қорым ғимараттарының өлшемдерін алу қағаз бетіне түсіру, анимациялық жұмыстармен айналысу.  

Бақбергенов Ақжол – жауапты қызметкер  (Оқушылар үйінің қызметкері)
Құсайынов Арман – көмекші (№3 Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі)

 Жер су аттары туралы деректер жинау, өсімдіктер, аңдар және жәндіктер туралы материалдар жинау, Байғанин ауданының географиялық картасына түсіру (редакциялау, қосымша жазба жұмыстарын жүргізу) 

Дербіс Сәндібай– жауапты қызметкер 
Ідіс Сәндібек– көмекші (Байғанин орта мектебінің мұғалімі)

 

 Экспедиция өткізу мерзімі: 

10 күндік 12-22 мамыр  күндері аралығында