– Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүйесіндегі жалпы орта білім беретін оқу орны – мемлекеттік мекеме. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді селолық округінің Көкбұлақ ауылында орналасқан. 1934 жылы ашылды, 1980 жылы орта мектеп болып құрылды. Көкбұлақ орта мектебінің алғашқы директорлары Қалиев Омар, Құлмағамбетов Қаз, Абатов Нұрдаубай болды. Мектептің педагогикалық ұжымына 1960 жылдары жоғары білімді маман кадрлер келіп қосылды, оқу – тәрбие процесін жаңғыртуға атсалысты. Көкбұлақ орта мектебінде кезінде Медиев Т., Өтепбергенов Ө., Елемесов Қ., Дүйсенбин Т., Көздіғарин С., Құлекешев І., Сәуірбаев Б., Бақтыбаев О., Жантұрғанов И. т.б көптеген тәжірибелі педагогтар ұстаздық етті.
|