БАЙҒАНИН – БАЙТАҚ, ЖАЙНАҒАН ӨЛКЕМ
БІЗДІҢ АЙДАР

БІЗДЕ ҚОНАҚТА

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

АЛЫП АНА ҚОРЫМЫ – сәулет өнерінің ескертіші. Ақтөбе облысының Байғанин, Атырау облысының Қызылқоға аудандарының шекарасында, Сағыз өзенінің аңғарында, Сағыз станциясының оңтүстік – шығысында 10км. жерде. 1979 – 1980 жылдары «Казреставрация» (Алматы) мекемесі зерттеді. Бұл жерге батыр әйел қойылған деген деректер бар. Археологиялық зерттеулер осында ХІV, ХV, ХVІ ғасырларда күмбезді кесенелер тұрғызылғанын анықтады. Ескерткіш Маңғыстау, Үстірт стилінде жасалған. Құлыптастардың түрлі формалары бар, оларда әшекейлі оюлар, аяқ киімдер бедерленген. Бұл қорымның әйел бейіті екендігін дәлелдейді. Қорымда негізінен адай, кете руларының өкілдері қойылған.

Әдеб.: Ескерткіш – ел тарихы (Путеводитель по памятникам) Ақтөбе 1992. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. 1 том. 324 – бет

 

 

АСАНҚОЖА ҚОРЫМЫ (ХVІІІ – ХІХ ғ.) – Байғанин ауданындағы бейіт құрылысы ескерткіштерінің комплексі. Оймауыт ауылының оңтүстік батысында 50 км. жерде. (Жем өзенінің алқабында). Қорымның ауданы 48000 шаршы метр, ол әртүрлі 264 ескерткіштерден тұрады. Асанқожа қорымы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.

КІРУ

ІЗДЕУ

ДОСТАР САЙТЫ
Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі


Copyright MyCorp © 2024
Сделать бесплатный сайт с uCoz